Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қостанайлық әйел қан тапсырамын деп қолынан айырылып қала жаздады

KAZAKBOL.COM

Қостанай облысы Таран аудандық ауруханасының қызметкері Карина Белякова қан тапсырып донор болуды әдетке айналдырған. Ал соңғы қан тапсырған кезінде процедура жүргізген Рудный қан әзірлеу бөлімшесінің медбикесі оның көк тамырын жарып жіберген, деп хабарлайды Baq.kz.

«Оқиға өткен аптада болғанымен медбикенің салғырттығынан алған жарақаты үшін ешкім кешірім сұрамады», – дейді Карина Белякова.

Мұнан соң Рудный қан әзірлеу бөлімшесінің меңгерушісі Айнаш Дүйсенбаеваға мән-жайды білмекке хабарласқанымызда, ол Каринаға қатысты жағдайдан хабардар болып шықты. Сондай-ақ, медбике өз ағаттығы үшін жәбірленушіден кешірім сұраған.

Донордан қан алған медбике аса тәжірибелі, бірақ тосын жағдайға тап болып отырғанын жеткізді.

«Егер донор ауырсынуын сезінсе, бірден айтуы керек еді. Сонымен қатар, қан алынғаннан кейін де шарттарды дұрыс орындап, екі сағатқа дейін таңғышты шешпеуі тиіс. Рудный қан дайындау және оның компоненттері бөлімшесінің қызметкерлері ұзақ уақыт Таран ауруханасында болды. Сондықтан, егер әйел шағымымен бірден ауруханаға хабарласса, тиісті медициналық көмек көрсетіліп, компресс жасалар еді», – деді Дүйсенбаева.

Меңгеруші орын алған шиеленістің оң шешімін тапқанына сендірді. Сондай-ақ, жапа шегушіден кешірім сұралып, оның қолындағы қан ісігінің беті бері қарап келе жатқанын жеткізді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM