Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қостанайда өзіне жаңа көңілдес тапқан әйел күйеуін өлтіруге киллер жалдаған

KAZAKBOL.COM

Киллер. Көрнекі сурет: life.ru

Қостанай облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша соты Арқалық қаласының 54 жастағы тұрғыны Ораза Қабыл есімді әйелді бас бостандығынан айырды.

Ол қорлық арқасына батқан соң жұбайына қарсы қаскүнем әрекетке барғанын айтып ақталған деп хабарлайды Қостанай таңые.

Қылмыстық істің материалдары бойынша, сотталушы жәбірленушімен азаматтық некеде 2002 жылдан бері тұрып келген. 2013 жылы әйел басқа бір еркекпен танысқан. Осыған байланысты «ерлі-зайыптылар» жиі жанжалдасатын болған.

Ер адам әйелі мен оның анасын ұрып-соғатын болған. Күйеуі ішімдікке салынып, тапқан ақшасының барлығын карта ойнап ұтылатын болған. Ал мас күйінде үйге келген уақытта ол газ баллонын ашып, үйдегілердің барлығын жарып жіберетін айтып, қорқытқан.

«Осы жылдың мамыр айында әйел өзінің танысына азаматтық некеде тұратын ер адамды өлтіруге тапсырыс береді. Танысы 70 мың теңге үшін адам өлтіруге дайын бір адамды табады. Осымен тарасқан. Осы ұсыныс бірнеше рет қайталанғаннан кейін және әйелдің ойы шын мәнінде екенін түсінген танысы Арқалық қаласының ІІБ барып мән-жайды айтып берген. Полицейлер осы іске кіріскен. Әйел адам кісі өлтірушіге 5 мың теңге берген, ал істі бітірген соң қалғанын беремін деп уәде еткен. 15 маусымда әйелдің азаматтық некеде тұрған күйеуінің өлімін қолдан келтіріп, телефоны мен қанға боялған пнамасын берген. Әйел адамның ойы қылмыстық болғандықтан, оны оқиға орнында ұстаған», — делінген облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінде.

Сот үкімімен әйелге 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM