Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тоқаев Конституцияға өзгеріс енгізу жөнінде референдумды 5 маусымға белгіледі

KAZAKBOL.COM

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мамырда Конституцияға өзгеріс енгізу туралы республикалық референдум өткізу жөніндегі жарлыққа қол қойды. Референдум 5 маусымға белгіленді.

Осы күні ол «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңға өзеріс енгізу туралы заңға да қол қойған.

«Конституция реформасы мемлекеттің барлық моделін кешенді түрде трансформациялауға бағытталған. Өзгерістер «суперпрезиденттік» басқару формасынан ықпалды парламент пен жауапты үкіметі бар президенттік республикаға өтуді көздейді» деді Тоқаев 5 мамырдағы видеоүндеуінде.

Сәуірдің соңында Қазақстан халқы ассамблеясының жиынында Қазақстан президенті Конституцияға өзгеріс енгізу бойынша референдум өткізу жөнінде ұсыныс тастаған.

4 мамырда мәжіліс депутаттары «Республикалық референдум туралы» заңның бюллетень формасына қатысты тұстарына өзгеріс енгізген. Сенатқа жіберілген заң жобасында «Республикалық референдум туралы» заңның 3-бабының 2-тармағына өзгеріс енгізу туралы ештеңе айтылмаған. Заңның бұл бабы Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесін бүкілхалықтық референдумға шығаруға тыйым салатын.

5 мамырда түске дейін сенат Назарбаевтың мәртебесін референдумда қарауға тыйым салатын бапты алып тастап, заң жобасын мәжіліске кері қайтарды.

Сол күні мәжіліс сенат енгізген өзгеріске жылдам келісім берді. 3-баптың 2-тармағының жаңа редакциясында тек «елдің тәуелсіздігі мен унитарлығы, оның аумақтық тұтастығы, басқару формасы» республикалық референдумға шығарылмайды» деп жазылған.

5 мамырда президент референдум заңына өзгеріс енгізетін заң жобасына қол қойды.

Билік Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізуді көздейді. Конституцияға өзгеріс енгізу туралы ұсынысты Тоқаев наурыз айындағы халыққа жолдауында айтқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM