Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тоқсан ауыз сөздің….

KAZAKBOL.COM

Көп уәде беретіндерді тыңдама,олар негізінен ештеңе орындамайды.Сені бір рет алдап кеткен достан арыл, бір рет опасыздық жасаған ол екінші рет те солай жасайды.

Жауапсыз махаббатты іздеме.Махаббатта екі адам бар, басқа сюжет жоқ.

Ер азаматтың байлығы емес, даналығы маңызды. Әйелдердің сұлулығы емес , сенімділігі маңызды. Достың бос сөзі емес, қайрымдылығы маңызды. Сүйіктіңнің талапшылдығы емес, шыдамдылығы маңызды. Адам денесінің сымбаты ғана емес, саулығы маңызды. Сөйлеген сөздің кімнің қалай сөйлейтіндігінде емес, оның мағынасы мен тереңдігі маңызды.

Егер ұзақ жақсы көрсең- көбі оны байқамай қалады. Егер ылғы кешіре берсең- оныңды пайдалана бастайды. Бәріне дайын болсаң- бағалауды қояды. Ал кеткен кезде ғана ол адамның қымбат екенін, қайта оралта алмайтыныңды түсіне бастайсың.

Тағдыр саған өміріңді балалардың түрлі-түсті бояқ қағазы сияқты етіп береді. Кәдуілгі рең, тағдырдың сұлбасы, сызбасы. Қандай түстер болатынын шешетін сен ғана. Түрлі- түсті рең бе, сұрқай рең бересің бе, оны салған суретші-өзіңмен ұрыс. Тағдыр саған түрлі- түсті бояқты береді, ары қарай ол сенің қалауың, еркің.

Мен саған достықтың мәні туралы ештеңе айтпай-ақ қояын, артық сөздің қажеті жоқ сияқты. Саған не қажеттігің айтсаң болды, басқалар келмеген күнде мен келемін.

Барлығынан үміттенуге болады, бірақ тек өз-өзіңе сенім артуың керек.

Менің өміріме еніп, оны керемет еткендерге рахмет, Және менің өмірімнен кетіп ,оны одан да жақсы еткендерге де рахмет.

Баласы жыласа, өлім аузында жатқан анасы орынан тұрады, ал анасы жылағанда… кейбір балалары диванынан да тұрмайды….

Біз Жаңа жылда кереметті аңсаймыз…. Сол керемет болсыншы!

Бақыт бастарыңа қонсыншы, терезесін қақсыншы!


Рабига Сыргабаева

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM