АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің сынақ кезінде жарылған зымыраны туралы көп мәлімет жиналғанын мәлімдеді.
Президент твиттердегі хабарламасында: «Құрама Штаттар Ресейдің сәтсіз ұшырылған зымыранынан көп нәрсені білді. Бізде осы тәріздес қару бар, бірақ ол әлдеқайда жетілген. Ресейдің Skyfall зымыранының жарылуы полигоннан алыстағы адамдарды да алаңдатты» деп жазды.
The United States is learning much from the failed missile explosion in Russia. We have similar, though more advanced, technology. The Russian “Skyfall” explosion has people worried about the air around the facility, and far beyond. Not good!
— Donald J. Trump (@realDonaldTrump) August 12, 2019
kyfall — «Буревестник» қанатты ұшағын НАТО осылай деп атаған. Ядролық двигательі бар зымыран ядролық қару алып ұша алады.
8 тамызда Ресейдің Архангельск облысында зымыран жарылды. Мамандар оны сәтсіз аяқталған тәжірибе деп болжайды. АҚШ мұндай қаруды жасаудан өткен жылдың 60-жылдары бас тартқан.
«Росатом» корпорациясының басшысы Алексей Лихачёв жаңа қару жасау жұмыстары жалғасады.
KAZAKBOL.COM