Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Туберкулездің қауіпті түрін жұқтырған қостанайлық емделуден қашып жүр

KAZAKBOL.COM

Ол қасында жүргендерге қауіп төндіруі мүмкін.

Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансердің қызметкері 38 жастағы қала тұрғынына мәжбүрлеп емдеу шараларын қолдану туралы сотқа өтініш түсірді. Бұл туралы  stan.kz, Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Диспансер дәрігерлері ер адамға «Өкпенің инфильтративті туберкулезі ыдырау фазасы» деген диагноз қойған.

Алайда, ол осы жылдың қыркүйек айынан бастап емдеуден бас тартқан. Ол қасында жүргендерге қауіп төндіруі мүмкін.

«Азамат Р. мәжбүрлеп емдеуді қажет етеді. Ол өз еркімен емделуден қашып, үйінде тұрмай, бой тасалап жүр. Аталған жәйтті қарау нәтижелері бойынша сот Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансер қызметкерінің өтінішін қанағаттандырды», – деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сот үкімімен азамат Р. Рудный қалалық туберкулезге қарсы диспансерге мәжбүрлі түрде емделуге жіберілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM