Елінде коронавирус жұқтырған бірде бір жағдай тіркелмеді деп келе жатқан түркімен билігі COVID-19-ға қарсы шараларды күшейтіп жатыр.
25 шілдеде Азаттықтың түркімен қызметінің тілшісі көшелерге дезинфекциялық құралдар шашылып, тұрғындарға маска тағуды қайтадан міндеттегенін жеткізді.
«Халық маска тақпай жүргенге үйреніп қалған, енді маскасыз жүруге болмайды. 25 шілдеден бастап балабақшаға баласын апаратындар антисептик құралдарын беріп жіберуі тиіс. Бұл халықты шошытып жатыр», – дейді тілші.
Тағы бір журналистің сөзінше, демалыс күндері санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері Ашғабад көшелерін және қоғамдық орындарын хлормен тазалаған.
Денсаулық сақтау мекемесіндегі дереккөз мәліметіне қарағанда, түркімен билігі 1 тамызға қарай COVID-19-ға қарсы жаңа шектеулер енгізуді жоспарлап жатыр.
KAZAKBOL.COM