Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Тәжікстанда тікұшақ апатқа ұшырады: бір адам опат болып, төртеуі жараланды

KAZAKBOL.COM

Тәжікстан шекара әскерінің Ми-8 тікұшағы 5 тамызда Таулы Бадахшан автономиялы облысының аумағында апатқа ұшырады. Тікұшақ экипажы тауда 5 мың метр биіктікте қалып қойған ресейлік туристерге көмектесуге шыққан.

Апаттан бір адам опат болды, төрт адам жараланды, деп хабарлады Озоди радиосының осы өңірдегі дереккөзі. Апат жергілікті уақыт бойынша сағат 12-де Поймазор қышлағының маңында болған. Тікұшақ ресейлік жеті туриске көмектесу үшін ұшып шыққан. Туристер көмек дабылын 28 шілдеде жібергені мәлім.

«Аудан басшысы, шекара әскері мен басқа да күш құрылымдарының өкілдері апат болған жерде жүр. Мендегі ақпарат бойынша, Ми-8 тікұгағы шекара әскеріне тиесілі. Тікұшақ ұшқышы қаза тапты. Төрт адам ауруханаға жеткізілді», — деді дереккөз.

Шекара әскерінің тікұшағы апатқа ұшырағаны туралы ресми ақпарат әзірге тарамады.

Поймазор қышлағы Федченко, Кашолаях және Медвежий мұздықтарына жақын орналасқан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM