Ағымдағы жылдың 31 тамызында Еңбекші АПБ-ның учаскелік полиция инспекторы патрульдеу кезінде өзінің әкімшілік учаскесіндегі үйлердің бірінен адам мәйітін тапты. Адам өлтірген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ол бұрын бірнеше рет сотталған қала тұрғыны болып шықты.
Аталған деректі Шымкент қаласы Полиция департаменті қызметкерлері ҚР ҚК-нің 99-бабымен «Адам өлтіру» сотқа дейінгі тергеп-тексеру жургізуде.
Қазіргі таңда орын алған істің мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
KAZAKBOL.COM