10 қарашада Ташкенттегі сыртқы істер министрлігінде Украинаның Өзбекстандағы елшісі Николай Дорошенкомен кездесу өтті.
СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүздесуде украин елшісіне Украина қорғаныс министрлігі өкілінің негізсіз мәлімдемесін БАҚ-та таратуға болмайтыны ескертілді. Әңгіме санкция шектеулерін айналып өтетін өнімдерді жеткізу жөнінде таралған мәліметке қатысты болған.
«Украин жағының бұқаралық ақпарат құралдарында Өзбекстанға қатысты келеңсіз ақпарат таратуға болмайтыны ескертілді», — деп жазылған СІМ мәліметінде.
Өзбек дипломаттарының мәлімдеуінше, украин жағынан ресми сұраныс түскен жағдайда өзекті мәселені зерттеп, шынайы ақпарат беруге әзір.
Елші Дорошенко «өзбек жағының алаңдаушылығын Украина СІМ жетекшілігіне міндетті түрде жеткізетінін айтты», — деп хабарлады Өзбекстан СІМ.
KAZAKBOL.COM