Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Украин журналистері Пулитцер сыйлығын алды

KAZAKBOL.COM

Украина журналистері 2022 жылғы Пулитцер сыйлығының «Ерекше еске салу» номинациясын алды.

«Пулитцер комиссиясы украин журналистерін Владимир Путин режимінің Украинаға шабуылы кезіндегі ерлігі, табандылығы және шынайы ақпарат таратуда беріктігі үшін «Ерекше еске салу» сыйлығымен марапаттайды. Атыс, ұрлап әкету, әріптестерін өлтіргеніне қарамастан әлемге болып жатқан сұмдық оқиғаларды көрсетіп жатыр», — делінген мәлімдемеде.

Пулитцер сыйлығы — Америка журналистика саласындағы ең беделді марапат. Ол 9 мамырда АҚШ-та атап өтіледі.

Пулитцер сыйлығының «Қоғамға қызмет еткені үшін» деген басты марапатын The Washington Post газеті алды. Бұл Дональд Трамп билікте болған тұста, 2021 жылдың 6 қаңтарында акцияға қатысушылардың Капитолияға басып кірген оқиғаны бастан-аяқ баяндағаны үшін берілген.

The New York Times редакциясы да Пулитцер сыйлығының халықаралық және ұлттық репортаждары үшін марапатын алды.

The Miami Herald, The Tampa Bay Times, Getty Images, The Los Angeles Times және басқа да басылымдар сыйлыққа ие болды.

Джозеф Пулитцер 1847 жылы сәуірде Венгрияда дүниеге келген. Он жеті жасында Америка Құрама Штаттарына қоныс аударғаннан кейін, 1878 жылы американдық екі танымал газетті — Сент-Луис Диспетчер мен Сент-Луис Постты сатып алып, жаңа мерзімді басылым — Сент-Луис Пост-Диспетчер құрды. Джозеф Пулитцер газет шығарудан түскен пайданы пайдаланып, журналистика факультеті мен институтты құрды.

Дәстүр бойынша, Пулитцер сыйлығын мамырдың бірінші дүйсенбісінде АҚШ Колумбия университетінің мүшелері әдебиет пен журналистика саласындағы ерекше қызметі үшін тапсырады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM