Украина қорғаныс министрі Алексей Резников күн сайын 100 украин әскериі қаза тауып жатыр деп мәлімдеді.
«Майданда жағдай ауыр. Біз күн сайын жүзге жуық әскерімізді жоғалтамыз, тәулігіне 500-дей адам жараланады. Кремль жаппай қысып жатыр, босқа айналып жатыр, күшті қарсылыққа тап болып жатыр, өте көп әскерін жоғалтып жатыр», – деп жазды қорғаныс министрі фейсбук парақшасына.
Ресей қанша әскерін жоғалтқаны жөнінде мәліметті өте сирек жариялайды. Соңғы рет наурыз айында бір жарым мың сарбаз қайтыс болды деген. Содан бері ешқандай мәлімет жарияламады.
Сәуір айының ортасында Украина президенті Владимир Зеленский CNN каналына берген сұқбатында үш мыңға дейін украин әскері қайтыс болды, 10 мыңға жуығы жараланды деген.
KAZAKBOL.COM