Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Украина Беларустағы ядролық қару бойынша БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесін өткізуді талап етті

KAZAKBOL.COM

Украина Ресей президенті Владимир Путиннің Беларусьта ядролық қару орналастыру жөніндегі мәлімдемесіне байланысты БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізуді талап етті. Бұл туралы Украинаның СІМ мәлімдемесінде айтылады.

Украина билігі Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері – Франция, Ұлыбритания, АҚШ және Қытайдан шешуші қадамдар күтеді. Ресей де бұл ұйымның тұрақты мүшесі әрі вето қоюға құқығы бар.

«Ресейдің Беларусь аймағында ядролық қару жайғастыру ниеті жөніндегі соңғы мәлімдемесі – қылмыстық путиндік режимнің кезекті бопсалау қадамы. Бұл ядролық қаруды орналастыру жөнінде келісімді, ядролық қарусыздандыру архитектурасын және халықаралық қауіпсіздік жүйесін бұзады», — деп айтылған украин СІМ мәлімдемесінде.

Украина Беларусь қоғамын «қылмыстық ниетті жүзеге асыруға жол бермеуге» шақырды.

25 наурызда «Россия-24» каналы Ресей президенті Владимир Путиннің сұқбатын көрсетті. Путин Мәскеу Беларусьқа ядролық қаруын жайғастыратынын айтты. Оның сөзінше, 1 шілдеде Беларусьта тактикалық ядролық қаруды сақтайтын қойманың құрылысы аяқталады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM