Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Украина еліне төтенше жағдай енгізбек

KAZAKBOL.COM

Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі Жогорку Рададан Донецк және Луганск облыстарынан басқа өлкенің барлық аймақтарына төтенше жағдай енгізуді сұрады.

Кеңес хатшысы Алексей Даниловтың мәлімдеуінше, Донецк және Луганск облыстарында Біріккен күштердің операциясы жүріп жатыр, сондықтан ол жақта ерекше құқықтық режим бар.

23 ақпанда Украинада резервтегі әскерлерді шақыру басталған. Оған офицерлерден бастап сержант құрамындағы 18-ден 60 жасқа дейінгі ер азаматтар кіреді.

Украинаның ішкі істер министрлігі ресейшіл жікшілдер бақылауына алған Ресей, Беларусьпен шектесетін аймақтарға, одан бөлек теңіз жиектерімен жалғасқан аудандарға “қосымша уақытша шектеу режимін” енгізген.

Украина Қауіпсіздік қызметі Харьковтағы шекарада Ресей әскерлерінің қозғалысын және маневрларын анықтап жатқанын жеткізген. Арнайы қызмет мәліметіне қарағанда, Ресей ол жақта да әскерін көбейтіп жатыр.

Сәрсенбіде Украина сыртқы істер министрлігі азаматтарына Ресейге барудан бас тартуды, ол жақтан тезірек шығып кетуге шақырған.

21 ақпан, дүйсенбі күні Кремль 2014 жылдан бері Украинадан де-факто бөлек өмір сүріп жатқан Донецк және Луганск облыстарын жеке республика ретінде мойындайтынын мәлімдеді. Ерекше жағдайда өткен қауіпсіздік кеңесі отырысында осы мәселені талқылаған Ресей президенті Владимир Путин халыққа үндеу жолдады. Бұл жолдауында ол Украинаны большевиктер көсемі Владимир Лениннің арқасында құрылды деп санайтынын айтып, «Ленин атындағы Украина» деп кекетті. Путин Лениннің Украинаны «орыс жерлерінен» құрап, оған құрамына Донецк мен Луганск кіретін өлке – «Донбасты нығыздап салып жібергенін» айтты.

Батыс елдері Ресейдің шешімін қатаң айыптады. НАТО Мәскеу «Украина шығысындағы қақтығысты ушықтырып, Украинаны басып алуға сылтау іздеп отыр» деп мәлімдеді. БҰҰ Ресейдің сепаратистік республикалар тәуелсіздігін мойындау туралы шешіміне алаңдаушылық білдіріп, Украина тұтастығын қолдай беретінін айтты.

Ақ үй жетекшісінің айтуынша, АҚШ Ресей элитасының бірқатар өкілдері, олардың отбасы мүшелері мен екі банк – ВЭБ және әскери банкке санкция салады. Мәселе Ресей қорғаныс-өнеркәсіптік кешеннің аймақтық бөлімшесі саналатын Промсвязьбанкте болып отыр. Шектеулер сонымен бірге Ресей үкіметінің қарызына да әсер етеді.

АҚШ қаржы министрлігі Байден сөзінен кейін санкцияға ілінген ресейлік жеке және заңды тұлғалар тізімін жариялады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM