Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Украина мен Молдоваға Еуроодақ мүшелігіне кандидат статусы берілді

KAZAKBOL.COM

23 маусымда Брюссельде өткен Еуропа одағы саммиті Украина мен Молдоваға одақ мүшелігіне кандидат статусын беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Люксембург премьер-министрі Ксавье Беттель мен Еурокеңес басшысы Шарль Мишель хабарлады.

Украина президенті Владимир Зеленский саммит құптап, оны Украина мен Еуроодақ арасындағы ерекше сәт деп атады. Украинаның Еуроодақтағы елшісі Всеволод Ченцов Reuters агенттігіне: бұл шешім «Украина мен бұрынғы Совет одағы [құрамында болған] елдердің Ресейдің ықпал аймағына жатпайтынын Мәскеуге білдірген белгі» деп мәлімдеген.

Еуропа кеңесі басшысы Шарль Мишель Еуроодақ саммиті Грузияның «еуропалық болашағы» барын мойындап, Грузия бірқатар шартты орындағаннан кейін Еуропа одағы бұл елге де кандидат статусын беруге әзір екенін хабарлады.

23 маусымда Еуропарламент Украина мен Молдоваға Еуропа одағы мүшелігіне кандидат статусын беру туралы қарар қабылдады. Еуропарламенттің 529 депутаты қарарды қолдап, 45 депутат қарсы дауыс берді.

Украина мен Молдова бұған дейін Батыс Балқан елдері мен Түркияға берілгендей кандидат статусына ие болды, бірақ бұл екі елмен келіссөз жемқорлықпен күрес және заң үстемдігін нығайтуға байланысты бірқатар шартты орындауға тәуелді болмақ.

Кандидат статусына ие болған екі елдің Еуропа одағы құрамына толық мүше болып қашан қабылданатыны белгісіз, саясаткерлер бұған ондаған жыл, тіпті одан да көп уақыт керек болады дейді.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM