Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Украина оңтүстікте қарымта шабуылға көшті

KAZAKBOL.COM

Украина күштері оңтүстікте Ресей жаулап алған жерлерді қайтару үшін қарымта шабуылға көшті.

Бұл уақытта Ресей Украинаның орталық аймақтары мен астана маңындағы аудандарды атқылады. Дегенмен Мәскеуге шығыстағы ұрыстарда сарбаз жетпей жатқаны мәлім болды.

Украин әскерилерінің мәлімдеуінше, әуе күштері Ресейдің Херсон түбіндегі бес бекінісі мен қалаға жақын маңдағы тағы бір бекінісіне соққы жасаған. Ресей әскерін Херсон түбінде қоршауға алуды көздеген Киев соғыс басталғалы бері ең ірі қарымта шабуылын жүргізіп жатыр.

Кейінгі апталарда Украина Батыс жеткізген зымыран кешендерін қолданды. Соның көмегімен Днепрдегі үш көпірге соққы жасалып, өзеннің батыс жағындағы ресейлік әскерге көмек жеткізу қиындады.

Мәскеу аннексиялап алған Қырыммен шекаралас Херсон облысын Ресей күштері 24 ақпанда соғыс басталған кезде басып алған.

28 шілдеде Ресей Украинаның орталық бөлігіндегі Кировград облысын әуеден соққылады. Соның салдарынан Кропивницк қаласында бес адам опат болып, 26 адам жараланды. Киев түбіндегі әскери базада 15 адам зардап шекті. Украинаның солтүстік және оңтүстік аймақтары да әуеден атқыланды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM