Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Украина олигарх Алишер Усмановқа тиесілі 54 млн доллардың кенін тәркіледі

KAZAKBOL.COM

Украинаның қауіпсіздік қызметі (УҚҚ) ресейлік олигарх Алишер Усмановқа тиесілі компанияның екі млрд гривен болатын (54 млн доллар) 160 мың тонна темір кенін тәркіледі. Бұл жөнінде мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

УҚҚ хабарлағандай, Украинаның теңіз портынан бірнеше ресейлік заңсыз қоймалар тапқан. Онда сақталған темір кені Усмановқа тиесілі болғаны айтылады.

Мекеме мәліметінше, қоймадағы темір кенін кеме арқылы Ресейдің металлургиялық және әскери-өндіріс кешеніне жөнелтпекші болған. «Тәркіленген мүлікке тыйым салынды. Қазір коррупциялық жолмен келген активтерді басқару жөніндегі ұлттық агенттікке беру мәселесі қаралып жатыр», — делінген мәлімдемеде.

69 жастағы Усманов Ресейдің ең бай адамдарының бірі. Forbes журналының мәліметі бойынша, оның дәулеті 14,6 млрд еуро. Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін, ол батыс елдерінің санкциясына тап болды.

Қыркүйек айында неміс полициясы Бавариядағы Тегернзее көлі жағасындағы Усмановқа тиесілі деген мүліктерге тінту жүргізген. Арнайы операцияға 250 адам қатысқан.

Der Spiegel басылымының жазуынша, миллиардер салық қылмысын жасады деген күдікке ілінген. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Усманов 2014-2022 жылдар аралығында 555 млн еуро салық төлемеген деген күдікке ілінген.

Қараша айында неміс полициясы Dilbar яхтасына ілінген 30 бағалы картинаны тәркілеген. Бұл картиналардың жалпы құны 5 млн еуроға бағаланады.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM