Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Украина ресейлік 23 әншіге қылмыстық іс қозғады

KAZAKBOL.COM

Украина прокуратурасы Қырым көпірінің ашылу салтанатына қатысқан ресейлік 23 әншіге қарсы қылмыстық іс қозғады. Оларға Украинаның түбегіне заңсыз кірді деген айып тағылып жатыр.

Прокуратура әншілердің аты-жөнін жарияламады. Бірақ Strana.ua басылымы концертке қатысқандардың арасында Григорий Лепс, Пелагея, Александр Маршал, Денис Майданов, Ольга Кормухина, Александр Буйнов, Дима Билан, Олег Газманов, Валерия, Жасмин, Дмитрий Харатьян, Алёна Свиридова, «Градусы» тобы бар екенін жариялады.

Ресей билігі Украинаны айналып өтетін көпір салу жоспарын 2014 жылы Қырымды аннекциялағаннан кейін жариялады. Көліктер жүретін көпір құрылысы 2018 жылдың мамырында, темір жол көпірінің құрылысы 2019 жылдың желтоқсанында аяқталған.

Еуропалық одақ Қырым көпірін құруға атсалысқан бірнеше компанияға санкция салған. Олардың арасында Ресей президенті Владимир Путиннің досы Аркадий Ротенбергке тиесілі «Стройгазмонтаж» компаниясы да бар.

Ресей Украинадағы Қырым түбегін 2014 жылдың жазында күштеп тартып алған. Халықаралық ұйымдардың басым бөлігі Қырымды Укриана аймағы деп есептейді. Мәскеу 2014 жылдың сәуірінен бері 13 мың адамның өмірін алған Украинадағы Қырым және Донбасс жанжалында сепаратистерді қолдап келеді.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM