Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Украинадағы соғыс туралы мақала жариялаған қазақстандық Arbat.media сайты Ресейде ашылмай қалды

KAZAKBOL.COM

Қазақстандық Arbat.media сайты әскери цензураға ілінді, сайт Ресей аумағында бұғатталды, деп хабарлады «Роскомсвобода» телеграм-арнасы.

Арнаның хабарлауынша, сайтты «аты аталмаған мемлекеттік орган» бұғаттаған. Телеграм-арна оны Ресей бас прокуратурасы жапқан болуы мүмкін деп күдіктенеді.

Былтыр қарашада «Роскомнадзор» Arbat.media сайтынан «арнайы операция» ахуалы туралы мақаланы өшіруді талап еткен. Ал биыл жыл басында басылым тілшілері «ресейлік армияның беделіне нұқсан келтіру ісі» бойынша Ресей сотына шақырылған. Басылымның үстінен шағымды 19-әскери прокуратура, 55680 әскери бөлімі түсірген.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі «олардың қандай да бір жаңалықтар ресурсын Ресей аумағында бұғаттау жөніндегі шешімі Ресейдің ішкі заңына негізделеді, ол шешімнің Қазақстан аумағында күші жоқ» деп мәлімдеген.

Аrbat.media хабарына қарағанда, әңгіме былтыр сайтта жарияланған «Ресей басқыншылары Харьков облысында жеңіліске ұшырады, бірақ оны мойындағысы келмейді» деген мақала туралы болып отыр.

Басылым бұл мақалада қыркүйек айында Харьков түбінен шегінген Ресей әскері туралы Ресей мен Украина ақпарат құралдарының реакциясы сөз болды деп есептейді.

Украина тақыбырында жазған Қазақстан баспасөзін Ресей соты алғаш шақырып отыр. Бұған дейін «Роскомнадзор» Қазақстанның бірнеше басылымына Украина туралы материалын алып тастау жөнінде ескерту берген.

Arbat.media порталын Ресей соты шақырғаннан кейін сөз еркіндігін қорғаушы «Әділ сөз» ұйымы Қазақстан үкіметіне ашық хат жазған.

«Әділ сөз» қоры үкіметтен «Ресейдің мемлекеттік органдары қандай халықаралық міндеттемелерге сүйеніп, қазақстандық БАҚ пен журналистерді сотқа шақырып жатыр?» деген сауалға жауап беруді талап еткен.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM