Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін қырғызстандық 10 жылға сотталды

KAZAKBOL.COM

Бішкек қалалық соты 7 маусымда Бірінші май аудандық сотының Украинадағы соғысқа қатысқан Асқар Қуанышбекұлына қатысты үкімін күшінде қалдырды.

Сот отырысы кезінде айыпталушы өзіне қарсы «Жалшылық» бабы бойынша істі «Қырғызстан азаматының шетелдегі соғысқа немесе әскери кикілжіңге қатысуы» деген бапқа ауыстыруды сұрады. Ол сонымен бірге Луганск халықтық республикасы деп аталатын сепаратистер жағында әскери қызметте болғанын, ол жақта тек гуманитарлық көмек берумен айналысқанын айтты.

Ол соғысқа Ресей төлқұжатын алу мақсатында ғана қатысқанын жеткізген.

16 мамырда Бірінші май аудандық соты оны Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін 10 жыл бас бостандығынан айырған.

Тергеу ісі мәліметі бойынша, 2022 жылдың маусым айында Мәскеуде сотталған ол ЛХР құрамында соғысу үшін Украинаға аттанған. Шілде айында Брянка қаласына барған. Онда әскери қызметке қосылып, 180 мың рубль көлемінде ақша алып тұрған.

2022 жылдың қараша айында ол Мәскеуге қайтып, ол жақтан Бішкекке оралған.

Қырғызстанның Ұлттық статистика комитетінің мәліметі бойынша, Ресейде бір миллионнан астам қырғыз мигранты жұмыс істейді. 500 мыңға жуық қырғыз азаматы Ресей азаматтығын алған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM