Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Украинада Қазақстанның ондаған азаматы және 30-дан астам жүк көлігі қалды

KAZAKBOL.COM

Украинада Қазақстанның кемінде 89 азаматы және 30-дан астам жүк көлігі қалды. 3 наурызда Қазақстан сыртқы істер министрлігі осылай деп хабарлады.

«Қазіргі уақытта Катовице қаласында Қазақстанның 68 азаматы елге баратын ұшақты күтіп отыр. Бұған дейін шекарадан өткен бірқатар азаматтар ЕО аумағында қалуға шешім қабылдаған. Сонымен қатар, азаматтарымызды украин-поляк шекарасына жеткізу үшін Киевтен 57 адамға және Львовтан 41 адамға сапар ұйымдастырылды» деп жазылған Қазақстан СІМ хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, эвакуация басталғалы бері 431 Қазақстан азаматына басқа елге кетуіне жәрдем берілген: Польшаға – 404 адам, Молдоваға – 21 адам, Венгрияға – 5 адам, Словакияға 1 адам кеткен.

Air Astana әуе компаниясының эвакуациялық екі рейсімен Катовице қаласынан 299 адам Қазақстанға жеткізілген. Қазір үшінші эвакуациялық ұшақ жіберу мәселесі қарастырылып жатыр.

Қазақстан СІМ мәліметінше, Украинада ұрыс қимылдары басталғалы бері ол жақта 55 автокөлік мінген 47 жүргізуші қалған. Жүргізушілердің сегізі – шетелдіктер, қалғаны Қазақстан азаматы. 55 автокөліктің 13-і қазақстандық дипломаттардың көмегімен Ресей шекарасынан өткен, сегізі – Молдова, үшеуі Польшаға өткен.

СІМ қазақстандық тасымалдаушылардың 31 көлігі Украина аумағында қалғанын айтады.

«Азаматтардың және жүк тасымалдаушылардың орналасқан жеріне байланысты Қазақстанның Ресей, Беларусь, Польша, Словакия, Венгрия, Румыния және Молдовадағы өкілдіктері олармен тұрақты байланыста және сол елдердің билігімен эвакуациялау мәселесі қарастырылып жатыр, сондай-ақ неғұрлым қауіпсіз эвакуациялық жолдар ұсынылуда» деп жазылған хатта.

Осыған дейін Украинада қалып қалған ондаған жүк тасымалдаушысы Қазақстан үкіметінен көмек сұраған. Қазақстанның түрлі аймағынан келген жүк көліктері Киев пен маңындағы елді мекендерде тұрып қалған. 26 ақпанда «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палатасы кемінде 50 жүргізушінің хабарласып, қайда екендіктерін хабарлағанын жеткізді. «Жүргізушілер көлікті тастап, елден кете алмайды» деді палатадағылар.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM