Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Украинада қаза болған қырғызстандық Таласта жерленді

KAZAKBOL.COM

Украинада соғыс кезінде Қырғызстанның 38 жастағы Руслан Полотов деген азаматы қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл ақпаратты оның туған бауыры Ислан Полотов растады.

«Ресейде тұрып жатқанына екі жылдай болған. Украинаға қалай, қашан кеткенін білмеймін. Ол жаққа өз еркімен кетті дейді. Луганск облысындағы Рубежное қаласында қаза болыпты. Денесін Мәскеуден алып келіп, 3 маусымда туған жеріне жерледік. Ол Қырғызстан азаматы, орыс азаматтығын алу ойында болған емес», — деді Ислан Полотов.

Маркум Руслан Полотовтың Таластың Үч-Коргон ауылында тіркеуде болғанын, жергілікті билік растады.

«Акипресс» сайтының мәліметінше, Руслан Полотов Мәскеудегі жоғарғы әскери оқу орнын бітірген. Қырғызстанның қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы әскери бөлімшеде қызмет еткен.

Президент жанындағы басқару академиясында жоғары білім алғаннан кейін еңбек жолын Талас облысының әкімдігінен бастаған. Ресейге кеткенге дейін Таласта жұмыс істеген. Ақпаратта, отбасылы, екі баласы бар екені көрсетілген.

Украинадағы соғыста орыс күштерінің қатарында жүріп, қаза болған тағы бір қырғызстандық Аманбек Курбанбаев 14 маусымда Аксыда жерленді. Оның милицияның отставкадағы майоры болғаны айтылады.

Қырғызстан заңдарына сәйкес, шетелде қарулы қақтығысқа және әскери әрекеттерге қатысқан қырғыз азаматтары бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Осыған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Украинадағы соғысқа қатысқан қырғыз азаматтарына қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеген.

Қырғызстан Украина-Ресей мәселесінде бейтарап екенін соғыс басталғаннан бері айтып келеді.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM