Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Украинада Путиннің өкіл әкесі Виктор Медведчук ұсталды. Саясаткер ақпанда үйқамақтан қашып кеткен

KAZAKBOL.COM

Украинада Путиннің өкіл әкесі Виктор Медведчук арнайы операция барысында ұсталды. Бұл туралы ел президенті Владимир Зеленский хабарлады. Ақпанның соңында ресейшіл саясаткер үйқамақтан қашып кеткен.

«Украина қауіпсіздік күштері арнайы операция өткізді! Жарайсыңдар», – деп жазды Зеленский. Украина президенті саясаткерді қалай ұстағаны туралы мәлімет кейінірек жарияланатынын ескертті.

Кремль спикері Дмитрий Песков Медведчуктің ұсталғанына қатысты суретті көргенін, бірақ оның қаншалықты рас екенін айта алмайтынын ТАСС агенттігіне мәлімдеді. Песков суретті тексеру керек деп есептейді.

«Оппозициялық тұғырнама — Өмір үшін» партиясы саяси кеңесінің төрағасы Виктор Медведчук – Ресей президенті Владимир Путинпен тығыз байланыс орнатқан украин саясаткері.

19 ақпанда Медведчук пен оның әйелі Оксана Марченконың мүлкіне санкция жарияланды.

Медведчук Украинада мемлекеттік сатты деген айыппен тәулік бойы үйқамақта отырған, алайда кейін оны бақылауда ұстау әдісі өзгерген. 26 ақпанда Бас прокуратуар Ұлттық полицияға Медведчуктің үймақта бар-жоғын тексеруді тапсырған, алайда саясаткер орнында болмай шыққан.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM