Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Украинада жоғалған 100-ден астам орыс әскерінің туыстары Путинге үндеу жасады

KAZAKBOL.COM

Украинадағы соғыста із-түссіз жоғалған жүзден астам ресейлік сарбаздың туыстары оларды тауып беру талабымен президент Владимир Путинге ашық хат жолдады.

Олар Ресейдің тиісті мекемелері соғысқа кеткен туыстары туралы қарама-қарсы мәліметтер беріп жатқанын айтады: бірі туыстары тірі десе, енді бірі қаза болғанын жеткізген.

«Сарбаздардың туыстары өз алдына іздеу жүргізіп, ұлы не күйеуі тұтқында не өлгені туралы мәліметті дәлелдеуге тура келіп жатыр. Елдің барлық аймағында жағдай осындай. Бірқатар құқық қорғау органдары өз ісін нашар атқарып жатыр, әскери бөлімшелердің командирлерінен ешқандай жәрдем болып жатқан жоқ», – деп жазылған үндеуде.

Ашық хатқа 106 адам қол қойған.

BBC және «Медиазона» журналистері ашық бұлақтарға сүйеніп, 2022 жылдың 22 шілдесіне дейін 4 940 орыс әскері қаза болғанын растаған.

Украин тарап соғыс басталғаннан бері 40 мыңнан астам орыс әскері өлгенін мәлімдеді. АҚШ барлау қызметінің мәліметіне қарағанда, Украинада 15 мың орыс жауынгері қаза болды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM