Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Украинадан Молдоваға қашып барған өзбек азаматтары елге қайта алмай жүр

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Украинадан Молдоваға өткен 200-ге жуық өзбекстандықты елге жеткізу мәселесі кейінірек қарастырылады.

«Молдава тарапы ел аумағына өткен босқындарға гуманитарлық көмек көрсетеді, оларды орналастырады, тамақтандырады, басқа да қажетті көмегін береді», — делінген министрлік мәліметінде.

Сол себепті Молдоваға өтуге мәжбүр болған өзбекстандықтарды репатриациялау мәселесі «кейінірек қарастырылады».

Министрлік Украинадан Польшаға өткен өзбек азаматтарын елге жеткізу мәселесі бірінші кезекте қаралатынын хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, 28 ақпаннан бері Украинадан Польшаға өткен азаматтарды елге жеткізу үшін жеті арнайы рейс жасалды. 1186 азамат Өзбекстанға оралды.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM