Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Украинадан оралған өзбек студенттері елінде қиындыққа тап болып жатыр

KAZAKBOL.COM

Украинаның жоғары оқу орындарында оқитын өзбек студенттері соғыс басталған соң, еліне оралып, енді жергілікті оқу орындарына алмасу үшін қиындыққа тап болып жатыр.

Украинадан оралған студенттердің айтуынша, президент Шавкат Мирзияевтің тиісті бұйрығына қарамастан, жергілікті оқу орындарында оқи алмай жатыр.

22 жастағы Илхомжон Суюнов Киев халықаралық университетінің екінші курс студенті.

«Әсіресе сырттай немесе онлайн оқитын студенттерге қиын болып жатыр. Өзбекстанның білім министрлігі біздің жағдай қаралып жатыр дейді. Бірақ әлі ешқандай жауап жоқ», — дейді Илхомжон Суюнов.

Фатима мен Зухра Салахиддиновалар Украинаның Халықаралық Еуропа университеті психология факультетінің екінші курс студенттері.

«Біз тұрмысқа шыққаннан кейін, онлайн оқуға көшкенбіз. Кейін Украина соғыс басталып кетті. Сосын Өзбекстанның білім министрлігіне хат жазып, жергілікті оқу орнына ауысуға өтініш жаздық. Бірақ бізге онлайн оқитындар ауыстырылмайды деген жауап келді, – дейді Фатима.

Наурыз айында Шавкат Мирзияев Украинада 370 өзбекстандық оқып жатқанын, олардың 200-і елге оралғанын айтып, жергілікті оқу орындарына ауыстыру үшін барлық жағдай жасалсын деген тапсырма берген.

Алайда елдің білім министрлігінің арнайы өкілі Абдували Холиков қазіргі уақытта Украинадан оралған 600 студенттің ғана өтінішін қарайтынын мәлімдеген.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM