Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Украинаның Буча қаласында 11 өзбек мигранты із-түссіз жоғалды (видео)

KAZAKBOL.COM

Ресейдің Украинадағы басқыншылығының алғашқы күндері Киев пен оның түбіндегі қалаларда жұмыс істеген он бір өзбекстандық із-түссіз жоғалды. Өзбекстанның Сұрқандария облысынан барған еңбек мигранттарының хабарсыз кеткеніне бір жарым ай болды.

Украинадағы «Айдар» батальонының бұрынғы жауынгері, Жизақ тумасы Шавкат Мұхаммадтың Озодлик радиосына хабарлауынша, соңғы мәрте мигранттар туыстарымен хабарласқанда Киев облысы Буча ауданы Бузовая ауылында екенін айтқан.

Шавкат Мұхаммад өзбек мигранттары Ресей әскерінің қолына түсіп қалуы мүмкін деп болжайды.

«Жеке өзіме әлеуметтік желілер арқылы Киевтегі кескілескен ұрыс қарсаңында 11 өзбек жігіті жоғалып кеткені туралы хабар түсті. Ақпараттарды таныстарыма тараттым. Іздедім. Олардың Өзбекстандағы туыстары табылды. 11 жігіттің жетеуі Сұрқандария облысындағы бір махалладан екен. Оларды білетін біреу сегіз адамның төлқұжаттарының көшірмесін жолдады. Олар тұтқында болған, содан ол жерден қашып, 3 наурызға дейін Киев шетіндегі ауылда тұрған. Соңғы рет туыстарымен сол ауылдан хабарласқан. Содан бері хабар жоқ. Бұл ауылдарда кескілескен ұрыс жүрді, қанша адам опат болды. Ол жігіттерді сол ауылдардан іздеймін. Олардың бәрі қарапайым мигрант. Олар орыстардың қолына түсіп қалса керек», — деді Шавкат Мұхаммад.

Буча ауданының Бузовая ауылында із-түссіз жоғалған мигранттар туралы Өзбекстанның Украинадағы елшілігі хабардар. Елшілік олардың Өзбекстандағы туыстарымен байланыс орнатқан.

Жоғалған 11 мигранттың дені Сұрқандария облысы Денауз ауданынан келген.

Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Украинадағы соғыс басталғанға дейін бұл елде 4300 өзбекстандық болған. Өзбекстан үкіметі 26 рейспен 6 мыңнан астам өзбекстандықты ұрыс ошағынан шығарғанын хабарлады.

Азаттық радиосы Өзбек қызметінің мәліметінше, Украинада, оның ұрыс жүріп жатқан аудандарында Өзбекстан азаматтары бар.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM