Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

Украинаның Қырғызстандағы елшісі президент әкімшілігі өкілдерімен кездескісі келеді

KAZAKBOL.COM

Украинаның Қырғызстандағы елшісі Валерий Жовтенко 28 ақпандағы баспасөз конференциясында Украинадағы жағдай бойынша Қырғызстанда кімдермен кездескені, кімдермен жүздесетіні туралы айтты.

Елшінің хабарлауынша, ол Қырғызстанның сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевпен кездесіп, оған Ресей басқыншылығының саяси, соның ішінде халықаралық салдары туралы айтып, Қырғызстаннан қолдау сұраған.

«Жауаптың қандай болғанын Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің сайтынан көре аласыз. Бұған қоса, мен Еуропа елдерінің Қырғызстандағы елшілерімен, Еуропа одағының Орталық Азия елдері жөніндегі үйлестірушісімен кездестім. Ол Бішкекте Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесу белгілеген. Одан менің ақпаратымды президентке жеткізуімді сұрадым. Осы аптада СІМ өкілдерімен жаңа кездесулер болады. Мен президент әкімшілігінің өкілдерімен де кездесіп, не болып жатқанын жеткізгім келеді. Оқиға тез өрбіп жатыр, жалған ақпарат көп, сол себепті мен дұрыс ақпарат жеткізуді маңызды деп санаймын», — дейді елші.

Ресейдің Украинаға басып кіргеніне бес күн болды. Елдің солтүстігінде, шығысында және өңтүстігінде ұрыс жүріп жатыр. Украинаның ірі қалалары түнде атқылануда, бірақ билік Ресей шабуылына тойтарыс бердік деп отыр.

Украина билігінің хабарлауынша, соғыста Ресейдің үш мыңнан астам жауынгері қаза тапты, Ресей билігі адам шығыны барын мойындағанымен, қанша сарбаз қаза тапқанын айтпады. Украинаның жүздеген азаматы опат болды, олардың арасында бейбіт тұрғындар да бар.

Источник

KAZAKBOL.COM

Milwaukee M18 FUEL FPD3-0X ударная дрель-шуруповерт

Вам также могут понравиться

MAKITA DF001GZ, АКБ и ЗУ в комплекте

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM