Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

UzAuto Motors Ресейге көлік экспортын тоқтатады

KAZAKBOL.COM

Өзбекстанның көлік шығаратын UzAuto Motors компаниясы Ресей нарығына көлік жеткізуді тоқтатты. Осылай деп Eurasianet.org сайты хабарлайды.

UzAuto Motors өндіретін GM Chevrolet жеңіл көлігі Оңтүстік Кореяның микросұлбасы мен жартылай өткізгішін пайдаланады. Өткен айда ресми Сеул Ресейге қарсы батыс санкцияларына қосылған.

Егер UzAuto Motors Ресейге көлік жеткізуді жалғастыра берсе, Әндіжан зауыты бөлшек заттарсыз қалуы мүмкін деп жазады Euroasianet.

Детройттағы GM өкілі Euroasianet сайтына UzAuto Motors 9 наурыздан бастап Chevroletмаркалы көлігін Ресейге тасымалдауды тоқтатты деп жауап берді.

Экономист Отабек Бакировтің пікірінше, бұл көлік бағасының түсуіне әкелуі мүмкін.

«Ресей UzAuto Motors компаниясының басты тұтынушысы. 2009, 2014-15 жылдары әлемде экономикалық дағдарыс болған кезде, өзбекстандықтар қуанды. Себебі Ресейде сатылым бағасы түсіп, ішкі нарықта баға арзандаған»,- деп жазды экономист өзінің Telegram-каналында.

Былтыр Өзбекстан Ресейге 320 жеңіл көлік экспорттаған. Ал әлемнің 10 еліне 28 952 көлік сатып, 281,8 млн доллар пайда түсірген.

Қазақстан да Өзбекстан көліктерін негізгі сатып алушы елдердің бірі. Былтыр 26 970 көлік сатып алған екен. Украина болса, 448 көлік сатып алған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM