Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

UzAuto жаңа автокөлікке тапсырыс қабылдауын тоқтатты

KAZAKBOL.COM

Өзбекстандағы автомобиль өндірісіндегі монополист саналатын UzAuto Motors компаниясы 2022 жылдың ақпанына дейін жаңа автокөлікке тапсырыс қабылдамайтынын ресми түрде хабарлады.

Компания автокөлікке қажетті бөлшектерді шетелден жеткізу қиындап кетуіне байланысты осындай шешім қабылдаған.

UzAuto Motors 1 ақпанға дейін автокөлік саудасын тоқтатқан соң, компания бағаны өсіруі мүмкін деген әңгіме тарады. Монополист осыған қатысты сауалдарға әзірге жауап берген жоқ.

Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары, инвестиция және сыртқы сауда министрі Сардор Өмірзақовтың айтуынша, үкімет автомобиль өндірісіндегі монополияны жоюды көздейтін қадамдар жасауы мүмкін.

«Автомобиль шығаратын бірнеше компания Өзбекстанда жұмыс істей бастады немесе жұмыс істейді. Өзбекстанда бұл салада монополия болмауы тиіс», — деді министр.

Бірнеше компания Өзбекстанда автомобиль құрастыра бастағаны мәлім болды. Олардың арасында Renault (Франция), АвтоВАЗ (Ресей) және KIA (Оңтүстік Корея) бар. Жизақтағы еркін индустрия аймағында автокөліктің он түрі құрастырылып жатыр.

«Автостат» агенттігінің мәліметінше, биыл алты айда өзбек нарығында 101,5 мың автомобиль сатылған.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM