Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Вакцинаның жалған паспортын жасау ісі бойынша тағы 26 іс тергеліп жатыр


Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі вакцинаның жалған паспортын жасау фактілері бойынша 13 аймақта сотқа дейінгі 26 істі қарай бастады. Бұл туралы 6 қыркүйекте ведомствоға сүйенген Vlast сайты жазды.

«Қазір Қаржыны реттеу агенттігі вакцинаның жалған паспортын жасау фактілері бойынша 13 аймақта 26 істі қарай бастады. 86 адамға қылмыстық жауапкершілік төніп тұр» деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, бір факт Оралдағы ауруханалардың бірінде тіркелген. Ресми ақпаратқа қарағанда, медицина қызметкері бірнеше адаммен астыртын келісім жасасып, денсаулық сақтау министрлігінің «Вакцинация» атты электронды модуліне азаматтардың екпе алғаны жөнінде өтірік белгі қойған. Сол үшін ақша алған. Осылайша 15-тен астам адамға жалған құжат сатылған.

Ведомствоның хабарлауынша, тапсырыс берушілердің басым бөлігі – мектепке дейінгі білім мекемелері мен сауда орындарының қызметкерлері.

Қазақстанда вакцина паспорты коронавирусқа қарсы екпенің екі дозасын алғандарға беріледі. Билік тұрғындарды вакцина алуға міндеттей бастағаннан кейін вакцинаның жалған паспорты жайлы ақпараттар жиілей бастаған. Вакцина алмағандар жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл әсіресе қызмет көрсету саласында еңбек ететіндерге қатысты.

Бұған дейін ішкі істер министрлігі заңнамада жалған құжат жасау бойынша 4 жылға дейін түрме жазасы қарастырылғанын, оны пайдаланғандар 40 күнге дейін қамалуы мүмкін екенін ескерткен.

19 млн халқы бар Қазақстанда 5,6 млн адам вакцинаның толық дозасын алған. Олардың қаншасы жалған паспорт пайдаланатыны белгісіз.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM