Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Венгрия премьері Орбан Путинді бейбіт келіссөз жүргізу үшін Будапештке шақырды

KAZAKBOL.COM

Венрия премьер-министрі Виктор Орбан Ресей президенті Владимир Путинмен сәрсенбі күні телефонмен сөйлескенін, оны Украинадағы бейбітшілік жөніндегі келіссөз жүргізу үшін Будапештке шақырғанын мәлімдеді.

Орбанның пікірінше, келіссөздерге Путинмен бірге Украина президенті Владимир Зеленский, сонымен бірге Германия мен Франция басшылары да қатысуы тиіс. Путин ұсынысты «жылы» қабылдаған, бірақ бірнеше шарт қойған. Оның қандай шарт екенін Орбан айтпады.

Венгрия премьер-министрінің мәлімдеуінше, ол Путинді Украинада атысты тез арада доғаруға шақырған. Ол Ресейдің Украинадағы әрекетін агрессия деп сипаттады, бірақ НАТО-ның көптеген елдері секілді қару бермейтінін айтты. Бұған қоса, Орбан Будапешт Кремль талабын орындап, ресейлік газ ақысын рубльмен төлеуге дайын екенін мәлімдеді.

Украина президенті кеңесінің кеңесшісі Михаил Подоляк венгр премьерінің мәлімделері туралы сауалға Киевтің мұндай ұсынысқа аса мән бере қоймайтынын меңзеді.

Орбанның партиясы жақында парламент сайлауында жеңіске жетті. Еуроодақ елдеріндегі саясаткерлердің дені оны путиндік ұстанымы үшін айыптап отыр. Будапешт Ресейге қарсы санкцияларға бөгет жасамайтынын, бірақ өз мүддесін жоғары қоятынын мәлімдеген. Атап айтқанда, Венгрия Ресей газына эмбарго жариялауға үзілді-кесілді қарсы шықты.

Источник

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM