Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Әйелдерге жабысып тұратын көйлек киюге тыйым салынды

KAZAKBOL.COM

Киген көйлектің ұзындығы еденге дейін түсіп, тек шұлық пен аяқ киім ғана көріну керек.

Түрікменстанда әйелдерге жабысып тұратын көйлек киюге тыйым салынды, деп хабарлайды Вaq.kz.

Бұдан былай әйел адамның денесіне жабысып тұратын көйлек киюге болмайды. Киген көйлектің ұзындығы еденге дейін түсіп, тек шұлық пен аяқ киім ғана көріну керек. Жеңінің ұзындығы да саусаққа дейін жету керек.

«Біз кері заманға — киіз үйде өмір сүрген шаққа қайтып барамыз. Мен 20 жастамын. Сонда мен әкемнің әжесінің көйлегін киюім керек пе? Сонда келесі талап қандай болмақ? Паранджа ма?» — деп ашуланды Ашхабад тұрғыны.
Сонымен қатар, қыздар сұлулық салондарында сары шаштарын қараға бояп әлек.

«Блонд түсті бояуды каталогтан алып тастауды бұйырды. Клиенттерге бұл ер адамдардың көзін түсіріп, жаман ойға итермелеуі мүмкін деген сияқты түсініктеме айтуым керек», — деді астанадағы сұлулық салонның қызметкері.
Айта кетейік, мұндай талап заңды күшіне енген жоқ. Дегенмен халық арасында ауызша тыйым салынып, тұрғындар оны бұлжытпай орындауда.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM