Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Үйінде қазақтың ұлттық шапанын киіп жүретін шенеунік көпшілікті таң қалдырды (фото)

KAZAKBOL.COM

Шымкенттік шенеунік Болат Жанәбіл ұлттық дәстүрге қолдау ретінде үйінде шапан киіп жүр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Жақында ғана қайта құрылған Оңтүстік Қазақстан облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаға басшы болып тағайындалған Болат Серікұлы бұл әрекетін Facebook-тегі парақшасында сүйіншілетіп жариялады.

Мемлекеттік қызметкердің ойынша, қазақ шапанының бүгінде тек тойда, құдалықта, Наурыз мейрамында да қажеттілігі орасан.

«Сол сәтте ғана патриоттық сезіміміз оянатын секілді. Сіз қалай ойлайсыз?» деп әлеуметтік желі қолданушыларына ой салған. Сонымен қатар ол бүгінгі қоғам көшеде ұлттық шапан киген кісі көрсе молда немесе тойдан қайтқан адам деп қабылдайтынын да жасырмаған.

«Әрбір қазақтың  үйіндегі сандықтың түбінде міндетті түрде бір емес бірнеше шапан жатыр десем қателеспейтін шығармын. Сонда неге кимеске? Ең болмағанда үйде халат орнына ұлттық шапан кигенді жөн көріп отырмын. Бұл бір ғана мысал. Ұлттық салт дəстүрімізді қолдауды өзімізден бастасақ», — деп бастама көтерген басқарма басшысы.

 


 

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM