Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғыздар арақ ішкендерді ел алдына шығарып, масқараламақшы

KAZAKBOL.COM

Көрнекі фото

Қырғызстанның Ош облысы Қырғыз ата ауылының халқы жалпықоғамдық тәртіп орнатты деп хабарлайды ummet.kz.

Аймақ ақсақалдары алкогольді ішімдіктердің сатылуына тыйым салып, арнайы айыппұл тағайындады. Ал харам сусынды ішкендерді ел алдына шығарып, масқаралайтын болады.

Бұған себеп мына оқиға. Қасиетті жұма күні ауыл мешітіне ел ішінде мас күйде көрінген екі жігіт әкелініп, жамағат алдында қатаң сөгіс айтылады. Айыбын мойындаған жігіттер халықтан кешірім сұраған. Осыдан соң ақсақалдар спиртті өнімдерді сатуға тыйым салу мәселесін көтерді.

Осы күні ауылдық әкімдік басшылары, ақсақалдар, мешіт имамдары және жергілікті құқыққорғау органы қызметкерлерінен құралған комиссия сауда орындарын аралап, кәсіпкерлерге арақ-шарап өнімдерін сатпау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ал осыған құлақ аспаған сауда иелері 100 000 қырғыз сомы көлемінде айыппұл төлейді. Айыппұлдан түскен қаражат мешіт қажеттіліктері мен балабақшаларға аударылатын болады.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM