Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстан 500-ге жуық жазасын өтеушіні түрмеден босатпақ

KAZAKBOL.COM

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қырғызстанда жаңа бес кодекс пен екі заң күшіне енеді. Бұл құжаттар ізгілендіруге арналған, ол бойынша 470 сотталушы бостандыққа шықпақ. Осылай деп Қырғызстанның жазаны орындау мемлекеттік қызметінің басшысы Таалайбек Жапаров мәлімдеді.

«Сонымен бірге жаза мерзімі қысқарады. Қазір жаңа құжаттар дайындалып жатыр, жаңажылдық мерекеден кейін сот орындарына жіберіледі. Психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер сотталушылардың ісін зерттегеннен кейін, оларға қолданатын шараларды ұсынып, сотқа жүгінуге болады. Қауіпті емес қылмыскерлерді түрмеде ұстамайды, олармен арнайы мамандар жұмыс істейді», — деді Жапаров.

Жаңа жылдан бастап күшіне енетін жаңа қылмыстық кодекске сәйкес, Қырғызстанда жаңада институттар құрылады. Олардың ішінде біріңғай тізілім, тергеу судьясы, сандық тергеу кабинеті мен сот залдары және пробация қызметі бар.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM