Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда президенттікке үміткер болған Бабановқа қарсы қылмыстық іс тоқтатылған

KAZAKBOL.COM

Жогорку Кеңештің экс-депутаты, «Республика Ата-Жұрт» партиясының лидері Өмірбек Бабановқа қарсы қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған. Бұл жөнінде Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы (ҰҚМК) Ыдырыс Кадыркулов парламентте мәлімдеді.

Үгіт-насихат кезінде Бабановтың Ошта «Әмір-Темір» (Он-Адыр) шағын ауданында сөйлеген сөздері ұлтараздықты тудырады деп қылмыстық іс қозғалған. ҰҚМК басшысы халықаралық және жергілікті сарапшылар Бабановтың сөйлеген сөздерінде ұлтараздықты туғызатын әрекеттер жоқ деп таныды дейді.

Ыдырыс Кадыркулов барлық материалдардың тергеу ісіне берілгенін айтады. «Олар мұны қылмыстық іс аясында қарады. Іс тоқтатылды», — деді ол.

Бабановқа қатысты былтыр 4 қарашада Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 1-тармағы («Конституциялық құрылымды күштеп өзгертуге жария түрде шақыру») және 299- баптың 1-тармағы («Ұлттық, нәсілдік және діни араздық туғызу») бойынша іс қозғалған.

2017 жылы президент сайлауынан кейін Өмірбек Бабанов Қырғызстаннан кетіп, саяси мансабын аяқтайтынын мәлімдеген.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM