Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қырғызстанда соғысқа бардым деп алдағандар 350 мың долларға жуық жәрдемақы алған

KAZAKBOL.COM

Оларға мемлекет тарапынан жәрдемақы түрінде ай сайын 6 мың сом (шамамен 90 доллар) берілген.

Қырғызстанда 46 адам Ауғанстандағы соғыс ардагерлері ретінде заңсыз түрде тіркеліп ақшалай жәрдемақы алған Бұл туралы  Baq.kz ақпарат агенттігі Риа Новости сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әскери прокуратура Ош облысы, Ноқат, Қадамжай және Кара-Суу аудандарының әскери комиссариаттары мүшелеріне қатысты Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің 304-бабы «Қызмет бабын асыра пайдалану», 315-бабы «Жалған қызмет» және 160-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғады.

Комиссариаттардың лауазымды тұлғалары азаматтармен келісімге отырып, оларды Ауғанстандағы әскери операцияларға қатысушы ретінде рәсімдегені анықталды. Осындай алаяқтықпен 46 «жалған ауғандық» заңсыз куәліктер мен сертификаттар алған. Оларға мемлекет тарапынан жәрдемақы түрінде ай сайын 6 мың сом (шамамен 90 доллар) берілген.

«Әскери комиссариаттардың лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттері мен мемлекеттік басқару комитетінің 2010 жылдың қаңтарынан 2017 жылдың желтоқсанына дейін тиісті бақылаудың жоқтығына байланысты мемлекеттік бюджеттен 23,7 млн сомнан астам қаражат (шамамен 350 мың АҚШ доллары) төленді», — делінген Қырғызстан Республикасы бас прокуратураның хабарламасында.
Қазір құқық қорғау органдары мемлекетке келтірілген залалдың өтелуін қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысып жатыр.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM