Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қытай полициясы «ақылды» көзілдіріктің көмегімен 30-дан астам қылмыскерді ұстады

KAZAKBOL.COM

Полиция 1 ақпаннан бастап арнайы көзілдірікті қолдануға кірісті.

Чжэнчжоу қаласының вокзалындағы полиция қызметкерлері өз жұмыстарында арнайы көзілдірік пайдалана бастады. Ол полиция дерекқорында тіркелген қылмыскерлердің бет-әлпетін салыстырып, тануға көмектеседі. Бұл туралы  Stan.kz хабарлайды.

Осы құрылғының көмегімен іздеуде жүрген 7 адам және жасанды құжатпен жүрген 26 жолаушы ұсталды.

Полиция 1 ақпаннан бастап арнайы көзілдірікті қолдануға кірісті. Себебі Қытайдың жаңа жылы келе жатқандықтан, вокзалдарда жолаушылар көбейе бастайды. Станциядағы күнделікті жолаушылар саны 90 мыңға жетуі мүмкін.

Осы уақыт ішінде адам ұрлап, іздеуде жүрген жеті адам қолға түсті. Сондай-ақ, жалған құжатпен жүрген 26 адам ұсталды.

Айта кетейік, бұрын қылмыскерлерді іздеу үшін бірнеше сурет керек болған. Ал арнайы құрылғының артықшылығы қылмыскерлерді тануда бір ғана суретті қажет етеді.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM