Көрнекі фото: rostovmama.ru
Дәлізде жүрген медбике баланың шыңғырып жылаған дауысын естиді. Бөлмеге келген қызметкер әйелдің баласының қолынан тістеп, айырылмастай қасарысып алғанын көреді. Көмекке келген медбикелер баланың қолынан әйелдің қарысқан ауызын укол салғаннан кейін ғана зорға ажыратып алған, деп жазуда шетелдік басылымдар.
Баланың қолы қатты тістелгені соншалық, дәрігерлер нәрестенің сорғалаған қанын зорға тоқтатқан. Енесі «қанішер әйелді» есі ауысқан деп үйінен қуып шыққан көрінеді. Ол босанардан бұрын ауруханаға жүдеп-жадап далада жүрген жерінен келген.
Куәгерлердің айтуынша, «адам жегіш» әйелдің есі ауысқан болуы мүмкін. Жергілікті құқық қорғаушылар осы факті бойынша тексеріс жүргізуде.
KAZAKBOL.COM