Қытай ақпарат агенттігінің таратқан дереккөздерінің бірінде Шыңжаңдағы Майтау қаласының ықшамаудандарының біріне «жаңадан» ойлап табылған қоқыс жәшігі орнатылып жатыр деп хабарлайды Абай порталы.
Бұл жәшіктің көрінісі қазақтың кәдімгі киіз үйі пішіндес. Тіпті, төбесіндегі ашылатын қақпағы да қазақтың қара шаңырағының бейнесін көз алдыңызға әкеледі. Ал сыртқы көрінісі қазақтың ою-өрнектерімен көмкерілген.
«Осы күнге дейін қазақтың киіз үйі барша әлемге танылды емес пе? Ал тұрғындарының дені ұйғырлар мен қытайлар болып келетін майтаулықтардың қазақтың киіз үйінің қандай болатынынан хабарсыз деуге жарамас. Ал осыны біле тұрып, олар неге мұндай ойсыздыққа барады? Әлде бұл көршіміздің қазаққа деген көзқарасы ма?», — деген сауал тастайды басылым.