Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қызметіне кірісіп кеткен Шавкат Мирзияев өзбек билігінде ауыс-түйіс жасап жатыр


Шавкат Мирзияев

Өзбекстанның жаңадан сайланған президенті Шавкат Мирзияев облыс пен қала әкімдерін тікелей сайлауды ұсынды деп хабарлайды Азаттық.

Ташкентте ел конституциясының 24 жылдығы құрметіне сөйлеген Мирзияев «халық сайласа, жергілікті биліктің жауапкершілігі арта түсерін» мәлімдеген.

Басшылардың «жұртпен араласпайтынын, елдің шаруасын шешпейтінін» айтқан Шавкат Мирзияев 2017 жылды «Халықпен диалог және адам мүддесі жылы» деп жариялауды ұсынды.

Өзбекстанда ел тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері облыс пен қала әкімдерін президент тағайындап келеді.

Елде 4 желтоқсанда өткен мерзімінен бұрынғы президент сайлауында ресми есеп бойынша премьер-министр әрі президент міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияевтың 88,6 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткені хабарланған.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM