Көрнекі фото: minval.az
Ал күдікті ретінде 11-ші сынып оқушысы ұсталған.
Оқиға өткен айдың ортасында болыпты. 11-ші сынып оқушысы сабақ арасындағы үлкен қоңырау кезінде 10-шы сыныптың баласын мектеп әжетханасына апарып, жүрек тұсынан ауыр соққы жасаған. Оны көтере алмаған марқұм Нұрбек Ысқақ көз жұмған.
Әлімжеттік жасаған оқушының қолына бірден кісен салыныпты. Ал мектеп директоры мен оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен іле-шала босатылған.
Жалпы, өткен жылы Жаңақорған ауданында осындай кәмелетке толмағандарға қатысты 14 қылмыс тіркеліпті. Бірақ жасөспірімдер арасында жиілеген қылмысқа ауданда бас ауыртып жатқандар аз сыңайлы. Өйткені, осы жәйтке байланысты ұйымдастырылған үлкен жиында назарын телефоннан алмай, ойын ойнап отырғандар көп болды.
«№54 қазақ орта мектебінде орын алған кісі өлімі жөнінде қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ол бойынша 11-сынып оқушысы күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, қамауға алынды», — дейді Жаңақорған ауданы прокурорының орынбасары Алмат Амангелдіұлы.
KAZAKBOL.COM