Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қызылорда облысында мектептегі әлімжеттіктің соңы оқушы өлімімен аяқталды

KAZAKBOL.COM

Көрнекі фото: minval.az

Мектептегі әлімжеттіктің соңы оқушы өлімімен аяқталған. Қызылорда облысы Бесарық ауылында болған осы қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Ал күдікті ретінде 11-ші сынып оқушысы ұсталған.

Оқиға өткен айдың ортасында болыпты. 11-ші сынып оқушысы сабақ арасындағы үлкен қоңырау кезінде 10-шы сыныптың баласын мектеп әжетханасына апарып, жүрек тұсынан ауыр соққы жасаған. Оны көтере алмаған марқұм Нұрбек Ысқақ көз жұмған.

Әлімжеттік жасаған оқушының қолына бірден кісен салыныпты. Ал мектеп директоры мен оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен іле-шала босатылған.

Жалпы, өткен жылы Жаңақорған ауданында осындай кәмелетке толмағандарға қатысты 14 қылмыс тіркеліпті. Бірақ жасөспірімдер арасында жиілеген қылмысқа ауданда бас ауыртып жатқандар аз сыңайлы. Өйткені, осы жәйтке байланысты ұйымдастырылған үлкен жиында назарын телефоннан алмай, ойын ойнап отырғандар көп болды.

«№54 қазақ орта мектебінде орын алған кісі өлімі жөнінде қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ол бойынша 11-сынып оқушысы күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, қамауға алынды», — дейді Жаңақорған ауданы прокурорының орынбасары Алмат Амангелдіұлы.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM