Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Қызылордада полицейлерден қашқан бес баланың әкесі өлім аузында жатыр

KAZAKBOL.COM

Зардап шеккен жігіттің әйелі Әсел Жақсылықова. Кадр КТК арнасы

Қызылордалық дәрігерлер бес баланың әкесінің өмірі үшін арпалысуда. Өз мотоциклімен тәртіп сақшыларынан қашқан ол, көшеде келе жатқан өзге көлікке соғылып, тағы екі жасөсіпірімнің ауыр жарақат алуына себепкер болған деп хабарлайды КТК арнасы.

Тәртіп сақшыларының мотоциклді қуып келе жатқан сәті бақылау камераларына түсіп қалған. Алайда нақты жол апатының көрінісі жоқ. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қатты жылдамдықпен келе жатқан мотоцикл жолай жеңіл көлікке барып соғылыпты.

«Сағат сол он бір жарым, он бірден өте ғой. Бір кезде ойбайлатып перді милициялар. Тағы біреуді қуды-ау деп сөйдедік. Сөйтсем асфальтта бір бала жатыр екен. Аузынан қан кетіп жатыр. Басы жарылған«, — дейді оқиға куәгері Арша Ахметова.

Алты күннен бері облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатқан 32 жастағы Ердәулет Жүсіповты үйінде бес баласы күтіп отыр. Мотоцикл тізгіндеген оның сол түні тәртіп сақшыларынан неге қашқаны қазір жігіттің анасы мен жұбайы үшін жұмбақ. Дәрігерлердің де оларға айтар сүйінші хабары жоқ.

«Мына бес бала күнде әкеміз қайда деп жылайды. Не істейтінімді білмеймін. Біз прокуратураға бардық, арыз тастадық, бірақ ол арызға әлі бірде бір хабар айтылмай отыр», — дейді зардап шеккен жігіттің әйелі Әсел Жақсылықова.

Ердәулеттің мотоциклі соққан жеңіл көлікте 16 және 17 жастағы апалы-сіңлілі қыздар болған екен. Енді ол екеуі де алған жарақаттарынан әлі ұзақ емделетін көрінеді.

«Бірінші қызымды басынан орташа зақым алған деп берді. Дәрігерлермен сөйлесіп жатырмыз, екінші қызым басынан қатты зақым алған, мұрны сынған. Ерні жыртылған», — дейді жарақат алған қыздардың анасы Гүлмира Асанқызы.

Тәртіп сақшыларының айтуынша , олар жігітті алғашқыда арнайы бас киімсіз мотоцикл тізгіндегені үшін тоқтатпақ болған екен. Алайда жүргізуші бұл талапқа бағынбай жылдамдықты үдете түскен. Тек апаттан кейін заттарын тексергенде, оның неге қашқанын түсіндік деп отыр.

«Тексеру жұмыстары барысында, мотоцикл жүргізушісінің сөмкесінен есірткі құралдары анықталып, аталған дерек Қылмыстық кодекстің 296 бабы 2 бөлігімен тіркелді. Қазіргі таңда жан жақты тергеу тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің де заңдылығы да тексерілуде», — дейді Қызылорда облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Әшім Айтуғанов.

Тек бұған Ердәулеттің туыстары келісіп отырған жоқ. Өздерінің заңсыз әрекеттерін жасыру үшін, ескірткіні желеу етіп отыр дейді олар.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM