Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Үйлену тойын қарттар үйінде өткізген маңғыстаулық жастар елді сүйсіндірді

KAZAKBOL.COM

Қалыңдық пен күйеу жігіт. Көрнекі фото: svadbami.ru

Мұнайлы ауданы, Басқұдық селосының тұрғындары Каритов Нәжіматдин және Нұржігітова Баянсұлу есімді екі жас өмірлеріндегі ең бақытты күндері — үйлену тойын облыстық қариялар үйінде өткізуді ұйғарыпты.

Жастар өздерінің қуанышты сәтінде қарттар үйінде дастархан жаюды жоспарлаған екен.

Неліктен мұндай шешім қабылдағандары жайлы сауалға:

«Біз жалғызбасты қариялардың той тойлап, қызық көргенін қаладық. Себебі олардың көпшілігі өз балаларын үйлендіріп, қызық көрген де емес, көбі соны армандаумен жүреді. Сондықтан біз қарияларды қуантып, олардың ақ батасын алсақ дейміз», – деді жас жұбайлар.

Мұндай ерекше үйлену тойын өткізу өзге жастарға да ой салса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

«Қазіргідей той сәні деп әр түрлі ұсақ-түйекке, мақтаныш пен бәсеке үшін өзгелерден қалыспаймыз деп жасалатын келеңсіз шараларға босқа қаржы жұмсап, ақшаны далаға шашқанша, осы екі жастың өнегелі қадамынан үлгі алса. Өйткені жоғарыда есімдері аталған екі жастың қабылдаған шешімдері – тағдыр тәлкегімен қарттар үйінде өмірінің соңғы жылдарын жанарлары жасқа толып, терезеден тысқа жәутеңдеп қараумен өткізетін қариялардың ризашылығына бөленіп, ақ батасын алуға ұмтылуы – құптарлық жайт», — деп жазады Аlashakparat.kz.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM