Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Заңгер: «Біздегі діндарлар борбайының болашағын ойлап әлек»

KAZAKBOL.COM

Белгілі шымкенттік заңгер елімізде уағыз айтушылар кейбір азаматтар жастарға теріс тәрбие беріп, олардың жеңіл жүріске салынуына септігін тигізеді деп алаңдаушылық тантытты. Бұл туралы «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Заңгер Айгүл Орынбек желідегі парақшасында әлдекімнің уағыз айтып отырған сәтінің видеосын жүктеп, еліміздің Дін істер министрлігінен жауап талап етті.

«Жапония, Оңтүстік Корея еркектері логикамен өмір сүріп, милары тек бір дүние ойлап табумен дамыған мемлекеттер қатарында өз елдерін алып жүр. Ал біздің сорлылар борбайының нəпсісінен шыға алмай, одан қалса о дүниеде де сол борбайдың болашағын ойлап əлек. Осындай уағыздарды естіп алған жас жігіттер, əрине, қыздарды қолғапша ауыстырады. Министрлік не үшін құрылды? Осындай уағызшыларға тыйым салатын уақыт келді. Айтыскер ақын болып жүріп уағызшы болып кеткен е ақын емес, е уағызшы емес жүрген дүбəрə елді былғап жүргендер де жетеді . Мына жігітті Смановтың ұлы дейді. Рас па? Бұлар отбасымен қуып кеткен уағыз айтатын болғаны ма сонда? ҚМБД қалай осындайларға жол береді?» деп жазды заңгер. Бұл жазба өзгелердің де ашуын туырды.

«Аңқау халыққа арамза молдасымақтар қаптап кетті», «Алладан қорықпай хадисті қалай бұрмалайды екен? Демократия біздің елде тек дін мен уағызда ғана, осындайлар халыққа бір пайдасы жоқ әңгіме айтады» деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Айта кетерлігі, видеодағы уағыз айтушы әйелімен жәннатқа барған ер азамат 4900 хор қызына ие болатыны туралы мәлімдеме жасаған.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM