Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбек телеарналарында бақилық болған Кәрімовтің атына сын айтыла бастады (видео)

KAZAKBOL.COM

30 шілдеде өзбек арнасынан көрсетілген «Таҳлилнома» хабарында елдің тұңғыш президенті, бақилық болған Ислам Кәрімовтің атына бірден қатты сындар айтыла бастады деп хабарлайды Centralasian.org.

Бағдарламада «Кәрімовтің көрші елдердің басшыларымен лидерлік мәртебе үшін үнемі бәсекелесіп келгені» айтылған.

«Таҳлилнома» хабарында өзбек қоғамындағы экономикалық, әлеуметтік жағдай сөз болған. Оған қатысушылар Ислам Кәрімов тұсындағы олқылықтарды ашық айтқан.

Олар тұңғыш пезидент жіберген қателіктерді бүгінгі басшы Мирзияевтің түзеп жатқанын да сөз еткен. Бағдарлама барысында Ислам Кәрімовтің аты-жөні бірде-бір айтылған жоқ, бірақ оның жүргізген саясатына «тас лақтырылды».

«Көрші елдермен қарым-қатынас — бұл артықшылық үшін күрес емес, керісінше орталықазиялық елдермен сенімді қатынасты орнату. Шынын айтқанда, шекара мәселесі жылдар бойы шиеленісіп қалды», – деді хабар жүргізушісі.

Айта кету керек, Кәрімов тұсында оның жүргізген саясаты бірде-бір сынға алынған емес.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM