Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстан адам құқықтарын қорғайтын үкіметтік емес ұйымдармен диалог орнатқысы келеді

KAZAKBOL.COM

Өзбекстан адам құқықтарын қорғайтын халықаралық институттармен әріптестік орнатқысы келеді. Осылай деп ел президенті Шавкат Мирзияев Самарқанда өткен Азия форумында мәлімдеді.

«Біздің басты міндеттеріміз – адамның негізгі құқықтарын және қызығушылықтарын қорғауды қамтамасыз ету. Тыныштық, тұрақтылық және саулық осыларға байланысты», – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Өзбекстан президенті осыдан 70 жыл бұрын қабылданған Адам құқықтары жөніндегі жалпы декларация әлемдегі демократиялық ұстанымдар мен гуманизмге жаңа мүмкіндіктер ашты деп атап өтті. Бірақ бұл процестің еркін жүруіне кедергілер болып жатқанын айтқан.

«Мәселе, Оңтүстік Шығыс Азиядан Таяу Шығысқа дейінгі кеңістікте болып жатқан қарулы кикілжіңдер, сенімнің жоғалуы, этникалық және діни алауыздықтың туындауы тұрақты дамуға кедергі келтіріп жатыр», – деп мәлімдеді ол.

Адам құқықтары жөніндегі Азия форумы бірінші рет Өзбекстан президентінің бастамасымен Самарқанда өтіп жатыр.

centralasian.org

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM