Новости Казахстана, Новости России и мира,Обновляемая лента новостей

Өзбекстанда күйеуіне ерегіскен әйел 11 айлық сәбиін суға лақтырып жіберді

KAZAKBOL.COM

Ферғана облысы Риштан ауданында 26 жастағы әйел азаматтық күйеуі ұлын мойындамай, алимент төлеуден бас тартқан соң, 11 айлық сәбиін Үлкен Ферғана каналына ағызып жіберді.

Сәбидің денесін екі күннен соң көрші ауылдың фермері тауып алған деп хабарлайды centralasian.org.

Ферғана облысында құқық қорғау саласында жұмыс істейтін дереккөз әйелдің екі рет тұрмыс құрғанын айтады.

«Ол жеңіл жүрісті келіншек. Д.П. деген азаматпен тұрды. Кейін ажырасқаннан кейін, оны сотқа беріп, баласына алимент өндіріп алмақ болды. Алайда сотта Д.П. бала өзінен емес екенін айтты. Әйел алимент өндіріп ала-алмағандықтан, ашумен баланы суға лақтырып жіберген. Алдымен ұлын лақтырған. Сосын өзі де секірмек болған, бірақ соңында қорқып қалған», – дейді куәгерлер.

«Баланың денесі фермердің жеріне дейін ағып барған. Сосын ол бірден милицияға хабарлады», – дейді құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзі.

Алайда екінші бір дереккөз баласын суға лақтырған әйел жеңіл жүрісті болмаған дейді. Оның қаржылық қиындықтан психологиялық стресске түскенін айтады.

Қазіргі уақытта әйел қамауда, оның үстінен  қылмыстық іс қозғалған.

KAZAKBOL.COM
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

Уважаемые посетители KAZAKBOL.COM ! Оставляя комментарии, проявляйте уважение и терпимость к мнению других пользователей. Сообщений, приводящих к разжиганию конфликтов, расистских высказываний, провокаций, оскорблений и дискуссий, не относящихся к теме статьи будут удаляться. Ссылки на сторонние ресурсы в комментариях запрещены. Подобные сообщения будут удаляться, а их авторы будут забанены.Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев.

KAZAKBOL.COM